«Әдебиет көгіндегі жарық жұлдыз»


Қазақ әдебиеті мен журналистика саласында өшпес із қалдырған белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай, «Студенттер үйі» жатақханасында «Әдебиет көгіндегі жарық жұлдыз» атты әдеби кеш өтті. Кеш барысында жүргізуші СИБ-22-4 тобының студенті Әуезхан Даниял Шерхан Мұртазаның өмірбаяны мен шығармашылығына арналған слайд арқылы баяндама жасай отырып, әдеби кешті студенттердің өнерімен толықтырды. Кеште СИБ-22-3 тобының студенті Турарбеков Абылайхан «Адай» күйін орындап, БТ-22-1 тобының студенті Мұрат Малика «Әттең тонның келтесі-ай» өлеңін оқыды. СИБ-22-2 тобының студенті Ауелханова Аружан «Ай мен Айша» атты шығармасынан үзінді оқыса, ЦАФ-22-2 тобының студенті Нұрболат Әлия «Бір кем дүние» шығармасынан үзінді оқыды. ПСК-21-1 тобының студенті Сериков Диас «Ерке сылқым» күйімен кешті қорытындылады.

Без рубрики