«Дәстүрлі Исламның негізгі қағидаларын түсіндіру және оның бүлдіргіш ағымдардың идеологиясынан айырмашылығы» атты Облыстық Семинар


2014 ж. 5-7 қараша аралығында Қарағңанды мемлекеттік техникалық университетінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында, жалпы, орта және жоғары  оқу орындарының дінтанушылары, психолотары, тарихшылары, саясаткерлері мен әлуметтанушыларының  біліктілігін арттыру бойынша Дәстүрлі Исламның негізгі қағидаларын түсіндіру және оның бүлдіргіш ағымдардың идеологиясынан айырмашылығы» атты  Облыстық Семинар ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылары: ҚарМТу, МБ «Қарағанды облысының дін жұмыстары бойынша басқармасы» және МБ «Қарағанды облысының білім беру басқармасы».

Семинар модераторы: ҚБ «Нұрлы білімнің» төрағасы Сыздықов  Рүстем  Маликович

Семинарда бүлдіруші жалған діни ағымдарға қарсы тұру бойынша барлық қоғамдық сегменттердің іс-әрекеиін басқару, алдын алу шараларын жетілдірудің өзекті мәселері талқыланды. Қоғамдағы, ең алдымен- жастар арасындағы,  діни экстремизмің алдын алу шараларын жетілдіру, сонымен қатар, халықта конфессияаралық ынтымақтастық пен келісім орнаған, дін адамдары мен құдайға сенбейтін азаматтардың да құқығы  құрметтеліп, сақталатын-  Қазақстан Республикасының дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына сәйкес діни сана қалыптастыру қажеттігі ерекше айтылды.

Семинарға қатысушылар дәстүрлі Исламның негізгі қағидаларын, бүлдіруші ағымдар мүшелерін танып білу жолдарын және діни- ынталандырылған экстремиз мен терроризмнің алдын алу жолдарын сараптады.Сонымен қатар әр түрлі тыңдаушылармен жұмыс істеудің әдістемелері ұсынылып, түсіндірілді.

Семинарға қатысушылар мен қонақтар осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті, себебі бұл мемлеет қызметкерлерінің және жалпы халықтың діни сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді.

 

Без рубрики