Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Қарағанды, Бейбітшілік бульвары, 56
Тел./факс: 56-88-01
E-mail: kargtu@kstu.kz
www.kstu.kz
Ақпараттық хабарлама
21 қазан 2012 жыл
Құрметті редакторлар мен тілшілер!
2011-2015 жж. ҚР «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында, сонымен қатар өсіп келе жатқан ұрпақтың дұрыс тамақтанудың қағидаттары жөнінде хабардарлығын көтеру мақсатында ҚарМТУ-да «Дұрыс тамақтану» атты институт аралық стендтар конкурсы ұйымдастырылды.
Конкурста барлық институттардан 1,2,3 курс студенттері қатысады. 24 қарашаға дейін барлық институттар бойынша дұрыс тамақтануды насихаттау жөнінде үндеу парақтары таратылды және университет ТВ-дан «Салауатты өмір салттары» және «Дұрыс тамақтану» видеолары көрсетілді.
Сонымен қатар бағдарлама шеңберінде қарашаның 22- 31 күндері аралығында ішімдік қабылдау деңгейін төмендету бойынша декадасы өтеді. Осы күндері топтардың кураторлары студенттермен «Жастар ішімдікке қарсы» ішімдіктердің зияны туралы сөйлеседі.