Дәрістер топтамасы техникалық университетте жалғасын тапты


Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан жоспарланған «Қазақ тілі – ғылым мен білім тілі» жобасының соңғы дәрісі Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде өтті. Жол-көлік факультетінің 3-курс студенттері үшін арнайы ұйымдастырылған дәрісті Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының ғалымдары – доцент, филология ғылымдарының кандидаты Әубәкіров Нұрлыбек Маманұлы және аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Әбілқасов Ғабиден Мәжитұлы өткізді.

Дәрісте техника саласында қазақ тіліндегі ғылыми контенттің қалыптасу жолы, жол-көлік саласы мамандығына арнайы әзірленген оқу құралдары мен сөздіктер, бүгінгі күні тілімізге кірігіп кеткен салалық терминдер туралы кеңінен сөз қозғалды.

Дәріс барысында аталған оқу құралдарынан көрме ұйымдастырылып, университет кітапханашысы көрмеге шолу жасады.

Басқарма тарапы жоба аясындағы іс-шараны өткізуге қолдау көрсеткен Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің басшылығына, жол-көлік факультетінің деканатына, Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі Қарлығаш Мәуенқызы Хамзинаға және мазмұнды дәріс оқып, тақырыпқа қатысты жан-жақты мәлімет берген ғалымдарға алғыс білдірді.

Без рубрики