«Дәнекерлеу және құю өндірісі» кафедрасының меңгерушісі


Bartenev+++

Бартенев Игорь Анатольевич,

техника ғылымдарының кандидаты (1985), доцент (1990).

Байланыс мәліметтер.

Адрес: 100027, Қарағанды, Бейбітшілік бульвары 56, бас корпус, 304 кабинеті.

Қызмет телефоны: 8(7212) 56-59-35 (қос. 1084)

E-mail: igor-svar@mail.ru

Өмірбаян

1949 жылдың 31-ші мамырда Қарағанды қаласында туды. Қарағанды политехникалық институтының механико-технаологиялық факультетін бітірді. Еңбек жолын Қарағанды политехникалық институтының дәнекрлеу өндірісі кафедрасының кіші ғылым қызметкері және инженер қызметін атқарды, 1976 жылы сол кафедрада оқытушы болып жұмыс істеді. 1975 жылы Мәскеу қаласының орталық патенттеу институтын аяқтады. 1978-1981 жылдарда Киев қаласының Е.О. Патон атындағы Украина ҒА электр дәнекерлеу институтындағы аспирантурасында оқыды. 1985 жылы «Высокопроизводительная плазменно-порошковая наплавка быстрорежущих сталей» тақырыбына кандидаттық диссертациясын қорғады. 1987 ж. бастап КарПТИ дәнекерлеу кафедрасының доценті. 2004 ж. бастап – 2008 ж. дейін «Дәнекерлеу өндірісінің технологиясы және жабдықтары» кафедрасын меңгерді, 2010 ж. бастап ДжәнеҚӨ кафедрасының меңгерушісі.

Келесі дәнекерлеу пәндерін: «Пісіру құрылымдары мен құбырларды өндіру және жинақтау», «Балқытумен пісіру технологиясы және жабдықтары», «Түйіспелі дәнекерлеу технологиясы және жабдықтары», «Пісіру процестерінің теориясы», «Пісіруге арналған қоректендіру көздері», «Пісіру конструкциялары өндірісінің негіздері» оқытады.

2 жыл машина жасау зауытында бас дәнекерші қызметінде қосалқы жұмыс істеді. 10 жыл бойы курстарда дәнекерлеу қосылыстарды бақылайтын қирамайтын әдістерді оқытты. 5 жыл астам дәнекерлеушілердің және дәнекерлеу өндірісінің мамандарын аттестациядан өткізу жұмыстарын айналысады.

2010 ж. қазан айынан бастап құрлымында белсенді ат салысқан Қазақстан дәнекерлеу институтының атқарушы директоры, 2011 ж. наурыз айынан бастап KazWeld Қазақстан дәнекерлеу Ассоциациясының Техникалық Координациялық Комитетінің төрағасы. 2005, 2007, 2009, 2011, 2013 және 2015 жылдарда 11, 12, 13, 14, 15 және 16 Дәнекерлеу және бақылау Республикалық конференциясының  ұйымдастырушысы болды.

Бартенев И.А. қызметінің нәтижелері 70 жуық ғылыми баспалары шыққан, 2 оқу құралы, 9 авторлық куәлігі және патенттері бар.

Ғылыми еңбектер

Без рубрики