Дөңгелек үстел: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің шетелдік тәжірибесі, қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің әсері»


КарТУ  «Шетел тілдері» кафедрасы 2021 жылдың  15 қазанында сағат 15:00 де тәрбиелік іс-шара өткізеді

Дөңгелек үстел:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің шетелдік тәжірибесі, қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің әсері 

Іс-шара Miсrosoft Teams бағдарламасында онлайн форматта өтеді, оған 50-ден астам студент, сондай-ақ «Шетел тілдері»кафедрасының оқытушылары  қатысады.

ҚарТУ бірінші курс студенттері дөңгелек үстел тақырыбы бойынша 3 бөлімде презентация жұмыстарын ағылшын тілінде ұсынады, тыңдаушылар мен шараның басқа қатысушыларының сұрақтарына жауап бере отырып, өз білімдері мен пікірлерімен бөліседі. Студенттер келесі бөлімдер бойынша қатысады:

  1. Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі шетелдік тәжірибе
  2. Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға әсері
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-әрбір азаматтың міндеті

Бұл іс-шараның мақсаты-студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, себебі Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі —  сыбайлас жемқорлықпен күрес. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде адам өмірінің барлық салаларына теріс әсер етеді, әлеуметтік-экономикалық даму процесін тежейді, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің дамуына үлкен қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің мақсаты-жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа деген азаматтық көзқарасты қалыптастыру, қажетті құндылықтықтарды және дағдыларды дамыту.

Бұл тәрбиелік іс-шара ҚарТУ 1 курс студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандартын қалыптастыруға арналған және студенттердің сыбайлас жемқорлық туралы және онымен күресу жолдары туралы білімдерін арттыруға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес, ең алдымен, азаматтардың бұл заңбұзушылық қатынастарға қатысқысы келмеуінен көрінуі керек. Сол себепті сыбайлас жемқорлықтың құрбаны болмау үшін, сондай -ақ заң бойынша қылмыс жасау жолына түспеу үшін сыбайлас жемқорлықпен қалай күресуге болатынын нақты түсіну қажет. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар көрермендерді әлемнің басқа мемлекеттері мен Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес әдістерімен таныстырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды тек қана заңнамалық әдістермен және оның көріністерімен күреспен шектеуге болмайды, оған себеп болатын жағдайларды жою әлдқайда тиімдірек. Сыбайлас жемқорлықты алдын алу шараларын әзірлеу саласында жоғары білім жүйесіне студенттердің сыбайлас жемқорлыққа деген қарсы ұстанымдарын дамытуға бағытталған стандарттарды енгізу негізді болады.

Іс-шараға жауаптылар: шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты  Джантасова Дамира Дулатовна, кафедраның тәрбие жұмысына жауапты оқытушы Исина Назерке Темірқабылқызы, кафедра оқытушылары Гизатулина А.Ф., Абдыкаримова М.М., Мустапаева О.Т.

 КОД для Miсrosoft Teams: p55yozj

Без рубрики