«Чернобыль — тарихы, фактілер және адам тағдырлары»


Осы атаумен Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ «Механика» кафедрасында Чернобыль апатын еске алу күніне арналған іс-шара өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ «Механика» кафедрасының аға оқытушысы Г.Ж. Рахымбаева СИБ-23-9 тобының студенттері К. Морозова, А. Мұхтаровамен бірлесіп «Чернобыль — тарихы, фактілер және адам тағдырлары» атты Халықаралық Чернобыль апатын еске алу күніне арналған еске алу кешін өткізді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және патриоттық тәрбие беру, Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюшы батырларды еске алу.

СИБ-23-11 тобының студенті А.Фомиченко мәнерлеп оқыған тақырыпқа сәйкес арнайы таңдалған өлең және оның сөзін сүйемелдеген деректі кадрлар Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқандардың барлығына ерекше ортақтастық атмосферасын қалыптастырды.

Бұл атмосфераны СИБ-23-9 тобының студенті А.Мұсабеков дайындаған «Чернобыль — тарихы, фактілер және адам тағдырлары» презентациясы күшейте түсті, онда Чернобыль АЭС-тың апаты мысалында экологиялық орта үшін ауыр қасіреттің маңыздылығы көрсетілді.

Бұрын құпия болған бейнематериалдар, қойылымдар, өлеңдер, аса белгілі болмаған фактілер – мұның бәрі іс-шараны шынымен қызықты етіп, танымдық сипат берді.

Чернобыль – бұл қасірет пен ерлік. Болашақта мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін олардан сабақ алу керек. Атом адамдарға зиян келтірмей, игілік үшін қызмет етуі керек. Іс-шараның барлық қатысушылары бірауыздан осындай қорытындыға келді. Олардың алға қойған мақсаттарына қол жеткізілді.

Без рубрики