Адалдық сағаты


2019 жылы 2 қыркүйекте жол-көлік факультетінде ОП-19-2 (куратор Алимова Б. Ш.), ТТ-19-2 (куратор Мергенбаева А. Ж.) және ЛОГ-19-2 (Тусупбекова Э. К.) топтарының 1 курс студенттерімен «адалдық сағаты» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты бірінші курс студенттерін ҚарМТУ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі ережелерімен таныстыру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жастармен жұмыс маңызды рөл атқарады. Тек ерте жастан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттарын енгізу ғана бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді. Сондықтан жастар ұйымдары сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті насихаттауда ерекше орын алады. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру ретінде пайдалану барлық оқу орындарын, мемлекеттік органдарды, азаматтық қоғамды қамтуға мүмкіндік береді және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға ықпал етеді.      Мұндай білім берудің негізгі міндеті-жалпы құқықтық сауаттылықты арттыра отырып, құқықтары мен міндеттерін түсіндіре отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Без рубрики