Әз-Наурыз-2022

Университетімізде Наурыз мерекесіне орай «Әз-Наурыз» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара бірнеше сайыстан тұрды: спорт сайысында «Студенттер үйі»,  «Армандастар ордасы» мен  «№3 жатақхана» ұлдары кір тасын көтеру, арқан тарту, аударыспақ сынды спорт түрлерінен сайысқа түсіп, «Студенттер үйі» жатақханасы жүлделі 1-орынды, «№3 жатақхана» Әрі қарай оқу …

Без рубрики

«Студенттер үйі» жатақханасында студенттер кеңесінің ұйымдастыруымен жауынгер аға-апаларымыздың құрметіне арналған «Ауғаныстан ардагерлеріне тағзым!» атты патриоттық кеш өтті

Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың Әрі қарай оқу …

Без рубрики

2022 жылдың 11 ақпан күні «Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ-ның қолдауымен, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ф.ғ.м., аға оқытушысы Ж.А. Тусупбековтің және «Серпін» ОО-ның ұйымдастыруымен Қарағанды техникалық университетінде «Серпін» бағдарламасы аясында оқып жатқан 1-курс студенттері С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында Қ.Жүнісовтің «Ұлтқа қызмет» деректі-көркем драмасын тамашалады

Жиырмасыншы ғасыр басындағы күрделі кезеңдерден сыр шертетін Қ.Жүнісовтің «Ұлтқа қызмет» деректі-көркем драмасы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай сахналанды. Ә.Бөкейханов бастаған қайраткерлердің азаттық жолындағы арпалысы, ауыр тағдыры суреттелетін спектакль тарихи оқиғалар негізінде жазылған. Ұлттық рухымызды күшейтіп, ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелейтін туынды, ерлік Әрі қарай оқу …

Без рубрики

№3 жатақханада студенттер кеңесінің ұйымдастыруымен Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевқа арналған поэзиялық кеш өтті

Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетілді. Студенттер ақынның поэзиясынан жаттаған өлеңдерін оқыды. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған. Сұрақ-жауап ойыны ойнатылды, сонымен қатар, берілген бір өлеңін мәнерлеп оқудан жарыс Әрі қарай оқу …

Без рубрики

2021 жылдың 14 желтоқсаны күні «Студенттер үйі» жатақханасында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.м. Тусупбеков Жарқын Амантайұлы «Қарағанды техникалық университетінде «Серпін-2050» бағдарламасы аясында оқып жатқан 1-курс студенттерімен кездесті

Кездесу барысында студенттерге қазіргі кездегі қоғамдағы дінге деген көзқарас, діндегі ағымдар туралы айтылды. Өмірде болып жатқан әртүрлі жағдайларды мысалға келтіріп, студенттерге ой саларлық, үлгі аларлық кездесу болды.

Без рубрики

2021 жылдың 11 желтоқсаны күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «Серпін» ОО-ның ұйымдастыруымен Қарағанды техникалық университетінде «Серпін-2050» әлеуметтік бағдарламасы аясында оқуға түскен 1-курс студенттері Теміртау қаласында орналасқан «Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы» мұражайына барды

Ол жерде Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының қызметкері, экскурсиялық-бұқаралық жұмыстар бөлімінің басшысы Оразымбетов Құрманшәді Ынтықбайұлы мұражайда орналасқан жәдігерлер туралы толық мағлұмат беріп, Теміртау қаласының құрылуы мен металлургия саласында жеткен жетістіктері, Елбасының осы қалада басталған еңбек жолы туралы кеңінен әңгімелеп берді.

Без рубрики

Студенттердің Қарағанды қ. ЖПҚ Орталық ТП ПБ өкілдерімен кездесуі

  2020 жылдың 27 қарашасында онлайн форматта ZOOM платформасында ҚарТУ-дың 1-курс студенттерімен Қарағанды қ. Орталық ПБ учаскелік полиция инспекторы Қаузов Естай Төлегенұлымен  «Студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу»  тақырыбы төңірегінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді (40 адам). Студенттерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Әрі қарай оқу …

Без рубрики

«Жас қаламым қолымда» атты жас жазба ақындар мүшәйрасы

2020 жылдың 26 қараша күні «Серпін-2050» оқу орталығының ұйымдастыруымен Microsoft Тeams арқылы Қарағанды техникалық университетінің студенттері арасында жас ақындардың ой өрісін кеңейтіп, шығармашылығына шабыт беретін «Жас қаламым қолымда» атты жас жазба ақындар мүшәйрасы өтті. Мүшәйраға 6 ақын қатысты: РЭТ-19-1 тобының Әрі қарай оқу …

Без рубрики

Теміртау мұражайы-21.11.2020

2020 жылы 21 қараша күні «Серпін» ОО-ның ұйымдастыруымен Қарағанды техникалық университетінде «Серпін-2050» әлеуметтік бағдарламасы аясында оқуға түскен 1-курс студенттерін «Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы» мұражайымен онлайн форматта таныстыру өткізілді.  Оған Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының қызметкері, экскурсия жетекшісі, өз саласы бойынша облыстық, Әрі қарай оқу …

Без рубрики

Алаш арыстары қорытынды

2020 жылдың 2 қарашасында Қарағанды техникалық университетінде «Серпін-2050» әлеуметтік бағдарламасы аясында білім алып жатқан студенттердің қатысуымен (60 адам) Microsoft Тeams арқылы «Азаттық аңсаған Алаш арыстары!» атты онлайн іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты студенттерге қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, Әрі қарай оқу …

Без рубрики