«Case-in» Халықаралық инженерлік чемпионаты Қарағандыда


logo_1_1

14 наурызда Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінде  отын-энергетикалық және минералды-шикізат кейстерін шешу бойынша «Case-in» ірі Халықаралық инженерлік чемпионатының іріктеу кезеңі өтеді.

Чемпионат кезеңдері есейдің  37 ЖОО-да және  30-дан астам аймақтарында, сондай-ақ Қазақстан мен Моңғолияда өтеді. 5000-нан астам студент финалға жолдама алу үшін күреседі.

Төртінші жыл қатарынан өтіп жатқан «Case-in»  Халықаралық инженерлік чемпионаты тау-кен ісі саласындағы кейстерді шешу бойынша Бүкілресейлік чемпионат (2013, 2014) және отын-энергетикалық кейстерді шешу бойынша Бүкілресейлік чемпионатының (2015) құқықтық мұрагері болып табылады және бес бағыттан тұрады (лига): электр Энергетикасы, Тау-кен ісі, геологиялық барлау, Металлургия, Мұнай-газ ісі.

Чемпионат, негізіне қазіргі заманғы ең жаңа оқыту техникасы- бизнес-кейс  енген, тау-кен өндіру секторының  өзекті білім беру жобасы болып табылады.

Чемпионат барысында студенттер мен магистранттар команда құрамында жетекші салалық компаниялардың материалдары бойынша әзірленген инженерлік кейстердің шешімін ұсынады.

Қатысушылардың идеяларын түрлі компаниялардың, ғылыми және білім беру орталықтарының өкілдері, салалық сарапшылар мен бизнес-кейстер бойынша мамандардан құрылған арнайы қалыптастырылатын сараптамалық қазылар алқасы бағалайды.

Жобаның мақсаты — тау-кен және электр энергетикасы саласында мамандар даярлауды жүзеге асыратын Ресей, Қазақстан және Моңғолия жетекші жоғары оқу орындарының белсенді, талантты және табанды студенттерін анықтау және қолдау.

Чемпионатының ұйымдастырушылары: «Надежная смена» қоры, «Тау-кен ісі көшбасшыларының жастар форумы» және   «РНК СИГРЭ» Коммерциялық емес серіктестігі.

Чемпионат серіктестері РФ және ҚР Энергетика Министрліктері, Жаңа жобаларды алға жылжыту жөніндегі стратегиялық бастамалар агенттігі, сонымен қатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті.

Тау-кен саласында  отын-энергетикалық және минералды-шикізат кейстерін шешу бойынша ірі Халықаралық инженерлік чемпионатының іріктеу кезеңі 4 наурыз сағ 10:00-де келесі меке- жай бойынша ҚаМТУ-да өтеді: Бульвар Мира, 56, Бас ғимарат,  №337 және  №338 каб..

Іріктеу кезеңінің жңімпаздары атанған командалар 2016 жыл мамы айының соңында  дәстүрлі түрде  Мәскеуде өтетін ақтық сынға қатысады.

Без рубрики