«Case-in» Халықаралық инженерлік чемпионаты


28 сәуір күні сағ.: 10:00-де Қарағанды мемлекеттік техникалық  университетінде отын-энергетика және минералдық-шикізаттық бағыттар бойынша тапсырмаларды шешу  кейстері бойынша «Case-in» Халықаралық инженерлік чемпионатының іріктеу туры өтеді.  

4 ай уақыт ішінде Чемпионатқа Ресей Федерациясы, Қазақстан, Моңғолия,  Беларусия, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің 35  өңірінен 47 жоғарғы оқу орнының білім алушылары бақ сынасады. Бұл сайыс ҚарМТУ қабырғасында осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Биылғы жылғы чемпионатқа   білім ордамыздың Тау-кен ісі факультетінен – 1-4 курс студенттерінен құрылған 8 команда және Энергетика, автоматика және телекоммуникациялар факультетінен  5 команда қатысады.

«Case-in» Халықаралық инженерлік чемпионаты тау-кен саласы бойынша (2013, 2014), отын-энергетика саласы бойынша  (2015)   Бүкілресейлік тапсырма кейстері чемпионатының құқықтық мұрагері болып табылады. Ол Электроэнергетика, Тау-кен ісі, Геологиялық барлау, Металлургия, Мұнай-газ ісі  сияқты бес бағыттан (лига)  тұрады. Мәскеуде өтетін соңғы финалға ТМД және өзге шет мемлекеттерден 3000-нан астам студент қатысатын  болады.

Чемпионат кен өндіруші сектор бойынша ең маңызды білім беру жобасы болып табылады. Онда қазіргі заманда ең үздік деп саналатын бизнес-кейс тапсырмаларын шешу  сияқты оқыту технологиясы қолданылады.

Инженерлік чемпионаттың мақсаты  –  Қазақстан, Ресей, Моңғолия және чемпионатқа қатысушы өзге елдерінің ЖОО-нда тау-кен, электроэнергетика бағыттары бойынша білім алып жатқан шығармашыл, талантты, белсенді де мақсатты жастарды анықтау, оларға қолдау көрсету.  Чемпионат барысында тың идеяларымен көзге түсіп, берілген тапсырмаларды шығармашылықпен орындаған жас мамандар ірі кәсіпорындарға жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Чемпионаттың негізгі ұйымдастырушылары – Ресей мемлекетінің «Надежная смена»  қоры  және  «Тау-кен ісі жастар форумы» коммерциялық емес серіктестігі. Сондай-ақ Лиганы ұйымдастыруға  Жоғары кернеулі ірі электр жүйелері бойынша  Халықаралық Кеңес (СИГРЕ) қолдау көрсетіп отыр. Чемпионат серіктестері Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының Энергетика министрліктері, Жаңа жобаларды ілгерілету бойынша стратегиялық бастамалар агенттігі, аталған мемлекеттердің ірі өнеркәсіп орындары және Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті.

Чемпионаттың ҚарМТУ-да өткен іріктеу туры барысында екі факульттеттің білім алушылары командаларға бөлініп,  инженерлік кейстерде берілген тәжірибелік тапсырмалардың шешімін табуға тырысады. Кейстердің қалай орындалғанын   бағалау үшін өңіріміздің тау-кен және энергетика саласының  жетекші компаниялар, салалық сарапшылар мен ғылыми орталықтардың өкілдері және  университет ғалымдары баға береді.

Жас инженерлердің жобалары орындалу технологиясына, ұсынған идеяларының жаңашылдығына, шешімдерінің инновациялығы, экономикалық тұрғыдан тиімділігі және  ұсыну шеберлігіне қарай бағаланды.

Жеңімпаз команда мүшелері 2017 жылдың 30-31 мамыры күндері Ресейдің Мәскеу қаласында өтетін Чемпионаттың ақтық финалына қатысуға жолдама алады.

 

Без рубрики