БЖТ кафедрасының студенттері Бұқар жырау ауданында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді


2024 жылдың 15 мамырында РЭТ-23-1 және СТСС-23-1 тобының студенттері Сергазиева Мейіргүл мен Амантаев Алихан кәсіптік бағдар беру мақсатында Бұқар жырау ауданы, Ботақар кентіндегі С.Торайғыров атындағы орта мектебіне барып қайтты. 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізіліп, оған 16 оқушы қатысты. Жиынға мектеп мұғалімдері де қатысты.

Студенттерге ақпараттық буклеттер таратылып, Ә.Сағынов атындағы ҚарТУ туралы презентация көрсетіліп, университеттің оқу бағдарламалары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ БЖТ кафедрасы туралы презентация көрсетілді, оқу үдерісін ұйымдастыру туралы ақпарат берілді.

Без рубрики