БЖТ кафедрасымен Түркістан облысында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізілді


2023 жылдың 14 қарашасында БЖТ кафедрасы Түркістан облысы, Мырзакент ауданы, Иіржар ауылындағы №10 «Асыл мұра» мектебінің 11-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Кәсіптік бағдар беру жұмысына РЭТ-23-1 тобының студенті Бекбай Диас қатысты. Жиынға мектеп мұғалімдері де қатысты.

Кездесуге 13 оқушы қатысты. Кездесу барысында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың білім беру бағдарламалары, әскери кафедра және жеке шәкіртақылар туралы ақпарат жарияланып, грантқа түсу баллдары көрсетілді, ҰБТ-ға қосымша дайындық курстары туралы ақпарат айтылып, факультеттер мен кафедралар туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ кеңес алу үшін менеджерлердің байланыс ақпараты берілді. Мектеп оқушылары өздерін қызықтыратын  сұрақтары бойынша белсенді түрде сұрақтар қойды.

Без рубрики