Болон үдерісінің ережелері


Болон процесі еуропалық жоғары білім беру саласында революциялы болды. Оның басын 1970-ші жылдарға, Еуропалық Одақтың министрлер Кеңесі білім беру саласында ынтымақтастық бойынша алғашқы бағдарлама бойынша шешім қабылдаған уақытқа жатқызуға болады. 1998 жылы париждік университет Сорбонның 800 жылдығын тойлауға қатысқан 4 білім министрлері Еуропада  жоғары білім берудің сараланымы ғылым мен білім берудің дамуына бөгет жасайтыны туралы бірдей пікірге келді. Олар Сорбон декларациясына қол қойды (ағыл. Sorbonne Joint Declaration, 1998). Еуропалық жоғары білім берудің кеңістігін (ЕЖБК) еркін құру процесіне қатысу туралы шешім бір жылдан кейін Болонья қаласында 29 мемлекеттің өкілдері арқылы дайындалды. (Болон декларациясы, 1999). Қазаргі таңда бұл келісімнің бірегей болғаны анық, себебі бұл процесс Еуропа Кеңесінің Еуропалық мәдениет конвенциясын бекіткен 49 елдің 47-сін құрайды(1954). Процесс басталуының ресми датасын Болон келісіміне қол қойған 1999 жылдың 19 маусым күнін санауға болады. Болон процесі басқа елдердің қосылуына әрдайым ашық.

Болон процесі мелекеттер деңгейінде 1999 жылы негізделген. Сол уақыттан бері Университеттердің Ұлы Хартиясына әлемнің 600 жоғары оқу орындары кірді. УҰХ бас мақсаты – әлемдік деңгейдегі еуропалық ғылым және жоғары білім жүйесінің бәсекелесе алу  қабілеттілігін көтеру үшін  Еуропа елдерінің қоғам және үкіметтерінің  ғылыми және білімді күштерінің консолидациясы. Осы кеңістіктің шеңберінде еуропалық еңбек рыногы және білім беру қызметінің бәсекелесе алу  қабілеттілігін көтеру мақсатында білім туралы дипломды, азаматтарды жұмысқа орналастыру және мобилділікті бірдей қабылдау шарттары болуы керек.

Болон декларациясының басты ережелері

Декларацияның мақсаты- жоғары білімнің еуропалық аймағын құру және әлемдік деңгейде  еуропалық жоғары білім жүйесін жандандыру.

Декларация негізгі жеті ережеден тұрады:

1.Еуропалық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін және тартымдылығын жоғарылату;

2.ұлттық білім жүйелерін жақындастыру;

3.жоғары білімнің ұлттық жүйесін реформалауды қарастыратын жоғары білімнің құрылымдық қайта құрылу процесін, көп дәрежелі жоғары білімді енгізу;

4.академиялық кредиттер жүйесін қабылдау;

5.білім сапасын бақылау;

6.студенттер мен оқытушылардың мобильділігін кеңейту;

7.нәтижелерге және студенттік орталықтандырылған оқытуға бағытталу.

Без рубрики