2017 жылы 4 маусымда Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін қолдау мақсатында Қарағанды қаласында (Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бас корпусының алаңында) «Болашақ энергиясы» ИННОВАЦИЯЛАР ЭКО-АВТОШЕРУІНІҢ қатысушыларын қарсы алу рәсімі өтеді.
Қазақстандық ғалым-инноваторлар мен «жасыл технологиялар» өнертапқыштарын қолдауға арналған халықаралық ИННОВАЦИЯЛАР ЭКО-АВТОШЕРУІ 2017 жылдың 31 мамыры күні Бішкек қаласынан (Қырғыз Республикасы) бастау алған болатын.
Автошеру «жасыл экономиканы» насихаттау аясында өткізіледі және ЕХРО- 2017 көрмесінің ашылуына орай ұйымдастырылады
Эко-автошерудің ұйымдастырушылары G-Global халықаралық хатшылығы және Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы болып табылады.
Эко-автошерудің ақпараттық серіктесі – «24кz, «Хабар» телеарнасы.
Эко-автошерудің және қалаларда ұйымдастырылатын кещдесулердің негізгі модераторы – Диас Уралов, өнертапқыш, Коалицияның коммерцияландыру кеңсесінің директоры.
Автошерудің ресми серіктесі – Муратбек Султанбеков, Қырғызстандық өнертапқыш. Ол 2016 жылғы «Менің таңдауым Таза Энергия, Таза Су, Таза Ауа, Таза Сана» ұранымен Бішкек – Астана – Ереван – Минск – Москва бағытымен өткен 12 мыңдық велошерудің бастаушысы болған.
Велошеруге дайындық кезінде ол электр велосипедін жасады және соған лайық генератор іздеді. Мұндай генератор Қазақстаннан табылды. Бұл өте жеңіл жиналатын модульдік құрылғы, біздің шквалдық желдерге төзімді және жел ағынының жылдамдығы ақырын болғанның өзінде электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Құрастырушы Музбаев Жамбулат, «Three Energy» ЖШС-нің директоры. Енді бұл өнертабыс қатысушылардың электр велосипедтерін энергиямен қамтамасыз етіп тұрады.
Осы орайда, эко-автошерудің қатысушыларының көлік құралдарының жартысы инновацияларды қолданады – бұл электр велосипедтері, сутегі генераторымен жүретін автокөліктер, оны жасап шығарған Диас Уралов осы іс-шараның қатысушысы,
Эко-автошеруге сонымен қатар Қазақстанның жетекші ЖОО-ры қолдау көрсетті:, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті.
Эко-автошеру бағыты Қазақстанның келесі қалалары арқылы өтеді: 1 маусым – Алматы қ., 2 маусым – Сарышаған ауылы, 3 маусым – Балқаш қ., 4 маусым – Қарағанды қ., 5 маусым – Астана қ., 6 маусым – EXPO-Camp жастар жазғы лагерінің ашылуы болатын Арнасай ауылына келу. Одан кейінгі бағыт Ресей, Армения, Беларуссия және Европа арқылы өтетін болады.
Эко-автошерудің қатысушылары Қазақстан мен шетел халықын жасыл технологиялармен, өнертапқыштармен және отандық өндірушілермен таныстырады. Бұл – Ж.Мұзбаевтың жел генераторы, АЭТЗ мен ҚБТУ лабораториясының автокөлікке арналған сутегі генераторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ инновациялық жобалары, А.Петровтың пиролиздік пештері мен А.Сыздыкованың тиімділігі жоғары көмір қазандықтары, А.Б.Борисенконың ҚТҚ-ны кәдеге жарату кешені мен пларонды ауа тазартқышы, KUNTECH Д.Байсеитовтың күн коллекторы, Х.Байшагировтың жел-энергетикалық құрылғысы, STEEP ENERGY NT М.Жакыповтың жел турбинасы, А. Болотовтың күн панельдері орнатылған жел генераторы, А. Мехтиевтің (ҚарМТУ) бу электрлік жылытқышы, гидродинамикалық қыздырғыш, радиациялық сәулеленуді қолдану арқылы суыту А. Цой, энергия үнемдейтін эко қнімдерді әзірлейтін техника А.Оспанов, және т.б.
Аталған барлық «жасыл» технологиялар өнертапқыштары 2014-16 жж. G-Global Халықаралық хатшылығымен бірігіп Коалиция ұйымдастырған «Online ЕХРО-2017» байқауының жеңімпаздары болып табылады (сайт www.greenkaz.org).
Бірегей эко-автошеру өтетін қалаларда ұйымдастырушылар жастармен, ғалымдармен, кәсіпкерлермен және билік өкілдерімен кездеседі. Бұл пайдалы ақпарат алмасу бойынша «жасыл» эстафета болады, оның барысында кездесулерге қатысушылар Қазақстанда «жасыл» технологиялар сәтті жүзеге асып жатқанына көз жеткізе алады.
Бұл тек заман талабы емес, олардың енгізілуі елдің әлеуметттік-экономикалық дамуына әсер етіп, біздің әлемдегі бәсекеге қабілеттілігімізді арттыра алады.
Эко-автошерудің ең басты идеясы – әлемімізді экологиялық таза әрі энергиялық тиімді ететін қол жетімді «жасыл» технологиялардың мүмкіндіктерін халыққа көрсету. Бұның барлығы біз болашағымызға сенімділікпен қарай алатынымызды білдіреді.
Өткізілу орны және уақыты: 30 мамыр 2017 ж., КарМТУ, Бас корпус, Бейбітшілік бульвары, д. 56.
______________________________________________________________________
Ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша толық ақпарат алу үшін «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігіне хабарласуыңызды сұраймыз,
Астана. тел.: 8 (7172) 999 408,
Меруерт Абдалиева 8 (778) 456 09 99,
Асыл Окапова 8 (7172) 999 408, 8 (747) 38 38 301.