«Богатырь Көмір» ЖШС-ның өкілдері Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының студенттерімен кәсіпорында кәсіби тәжірибеден өту және кейіннен кәсіпорында жұмысқа орналасу мақсатында кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттерге «Богатырь Көмір» ЖШС – Қазақстандағы ең ірі, ашық тәсілмен көмір өндіру бойынша қарқынды дамып келе жатқан компанияның қызметі туралы толық ақпарат берілді.
Компания өндірісті дамытуға ғана емес, қызметкерлердің тұрмыстық жағдайына да көп көңіл бөледі – мұнда тиімді жұмыс істеу үшін қолайлы жағдайлар жасалған.
Әлеуетті жұмыс берушілер біздің университет түлектерінің жақсы іргелі білім базасын және олардың сенімді және құзыретті қызметкерлер ретіндегі құндылығын атап өтті.
Кездесу соңында ЖОО мен ынтымақтастық туралы шарттар жасалды.