Түлектерінің клубы


1958 жылдан бастап «Тау-кен машиналары және жабдықтары» кафедрасы Қазақстан, алыс және жақын шет елдер тау-кен-өнеркәсіптік кешенінің кәсіпорындары үшін техникалық бағдардағы мамандарды даярлайды. Кафедра негізі қаланғаннан бастап «Тау-кен машиналары және жабдықтары» және «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандықтары бойынша 20 мыңнан астам мамандар дайындалды.

2013 жылы кафедрада Түлектер клубын құру туралы мәселе туындады. 2014 жылы Кафедра ПОҚ және түлектерінің бастамасымен ТМ және Ж кафедрасының түлектер клубы ұйымдастырылды.

Түлектер клубы – бұл ТМ және Ж кафедрасы түлектерінің бірлестігі. Түлектер қатарында өз маманының шеберлері де, жас мамандар да бар.

ТМ және Ж кафедрасының түлектерінің кездесуіі жылына бір рет өткізіледі. Кездесу кезінде кафедрамен шаруашылық келісімге отыру туралы мәселелер талқыланады, жаңа іскери және достық байланыстар орнатылады, тәжірибе және білімдерімен алмасады. Рухы бойынша ортақ және қызығушылықтары ұқсас адамдардың араласу ортасы сөйлесу барысында жаңа қорлар, құзіреттіліктер, байланыстар, іскери байланыстар, бизнес идеялар табуға, өздері үшін жаңа мүмкіншіліктер ашуға ықпал етеді. Бірегей ақпараттық кеңістік – жаңа қызықты және бастамашыл жобаларды іске қосу және талқылау үшін бастапқы алаң.

ТМ және Ж каедрасы Түлектер клубының мақсаты – бірлестік бірегейлігін нығайту: түлектер, оқытушылар, қызметкерлер, студенттер, сонымен қатар білім беру кеңістігі мен әлеуметтік ортада университеттің оңтайлы абыройын қолдау және қалыптастыру.

ТМ және Ж кафедрасы Түлектер клубының міндеттері:

  • университет пен өз араларында түлектердің тұрақты байланысын қамтамасыз ету үшін ТМ және Ж кафедрасының түлектері туралы деректер банкін құру;
  • түлектер мен жоо арасында өзара байланысты нығайту мен әрекеттесуді ұйымдастыру;
  • білікті мамандарды даярлау және қайта даярлау мен ғылыми қызметті дамыту ісінде ҚарМТУ, ТМ және Ж кафедрасы мен кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер арасында ғылыми және іскери байланысты орнатуға әрекеттесу;
  • білім беру, ғылыми және әлеуметтік-мәдени қызметте университет дәстүрлерін дамыту және мұраны сақтауға әрекеттесу;
  • қызметтің жуық бағыттары бойынша отандық және шетелдік жоо түлектер ассоциацияларымен байланысты дамыту;
  • жетекші мәдени орталық ретінде университет пен кафедраның ағартушылық қызметін жүзеге асырудың аспектілерін, деңгейлері мен бағыттарын кеңейту;
  • білім беру кеңістігі мен әлеуметтік ортада университеттің оңтайлы абыройын қолдау және қалыптастыру;
  • түлектерді жұмыспен қамтуға әрекеттесу.

Түлектердің жұмыс істеу орындары:

«Арселор Миттал Темиртау» КД АҚ;

«Корпорация Қазақмыс» ЖШС;

«Машзауыт №1»ЖШС;

«КаргормашМ» ЖШС;

«Жәйрем ТБК»АҚ;

«Караганданеруд» АҚ;

«Борусан Макина Казахстан»ЖШС ЖК;

«Atlas Copco Kazakhstan»;

«Сандвик Майнинг энд Констракшн Казахстан ЛТД» ЖШС;

«Восточный» кен орны, Екібастұз қ.;

«Богатырь Көмір» ЖШС;

«ҚазМұнайГаз»ҰҚ;

ОА «Казтрансойл»;

«Құмкөл» кен орны;

«Тенгизшевройл» ЖШС;

«КазТрансГаз» АҚ және т.б..

 

ТМ және Ж кафедрасы түлектер клубының құрамы

Түлекетер клубы жұмысының есебі

Біздің түлектер

 

Біздің мекен-жайымыз: 100027, Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары 56, ҚарМТУ, ТМ және Ж кафедрасы (ауд.182, I корпус).

Біздің байланыстарымыз:

  1. +7 7212 565932 (2038)
  2. gmio_gi_kstu@mail.ru
  3. zholdybaeva@kstu.kz(каф.меңг. ГМиО – Жолдыбаева Гульнар Сабитовна)

 

Хат жазыңыздар! Сіздерге және Сіздердің хаттарыңызға біз әрқашан қуаныштымыз!

 

Без рубрики