Біздің студенттер – құтқарушылар қатарында


Қазақстанды көптеген проблемаларға әкеп соқтырған су тасқыны басып, орасан зор моральдық және материалдық залал келтірген сәуір айындағы оқиғалар әлі ұмытылған жоқ. Бүкіл ел өз күш-жігерін осы табиғи құбылыспен күресуге бағыттады.

Қарағандылықтар да шетте қалмады. Зардап шеккендерге көмек ретінде қаражат жинаудан басқа, олар су тасқынына қарсы іс-шараларға тікелей қатысты. Мәселен, сәуір айында Қарағанды облысы ТЖ Департаментінің 20 адамнан тұратын Жедел-құтқару жасағы Солтүстік Қазақстан облысында зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетті.

Құтқару жұмыстары қызған шағында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярдың төрағалығымен Үкіметтік комиссия келді. Ол құтқарушылармен кездесті, олардың қатарында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенті Константин Галле (БЖЗ-23 тобы) және біздің университеттің осы мамандық бойынша түлегі Еран Нұрмағанбетов болды.

Құтқарушылардың жұмысы жоғары бағаланды. Құтқару жұмыстары кезінде 100-ге жуық адам эвакуацияланды. «Жедел жәрдем» қызметкерлерін және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж қызметкерлерді, тіпті қауіпті аймақта қалып қойған Франциядан келген велотуристке де тиісті көмек көрсетілді.

Мұның бәрі әдеттегі уақытта байқалмайтын, бірақ қажет болған кезде әрқашан көмекке келуге дайын тұратын құтқарушылар мамандығының маңыздылығы мен қажеттілігінің қосымша дәлелі болып табылады. Құтқару жұмыстарына қатысу біздің жігіттерді мамандықты дұрыс таңдағанына сендірді. Олар су тасқынының салдарын жоюға қосқан жеке үлестерін мақтан тұтады.

Без рубрики