Мақсаты: патриоттық тәрбие беру процесін жүйелі және кәсіби жақсарту, «Жаңа Қазақстандық Патриотизм қалыптастыру» патриоттық тәрбие беру моделін тиімді жүзеге асыру
Міндеттері:
- білім алушылардың әлеуметтік портретін, олардың өмірлік құндылықтары мен бағдарын анықтау үшін ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу;
- практикада қолдану үшін азаматтық-патриоттық және адамгершілік тәрбие саласындағы жұмыстың озат тәжірибелерін зерттеу және жинақтау;
- патриоттық тәрбие беру бойынша кураторлық жұмыстың тиімділігін арттыру үшін ұсынымдар мен аналитикалық материалдар әзірлеу;
- патриоттық тәрбие беру бойынша ғылыми-зерттеу жұмысына білім алушылар мен оқытушыларды тарту;
- рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру бойынша іс шаралар ұйымдастыру және жоспарлау;
- жаңа ақпараттық технологиялар негізінде патриоттық тәрбиенің түрлері мен әдістерін әзірлеу;
- тәрбие процесін әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру