«Шет тілдер» кафедрасының оқытушылармен дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне, қызылша, туберкулездің, нашақорлықтың, темекі шегудің, COVID-19 алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шара 80-ден астам студенттердің қатысуымен онлайн форматта ұйымдастырылды.
Студенттер дөңгелек үстел тақырыбы бойынша өздерінің презентациялары мен бейнежұмыстарын ағылшын тілінде ұсынып, тыңдаушылар мен іс-шараның басқа қатысушыларының сұрақтарына жауап бере отырып, өз білімдері мен пікірлерімен бөлісті. Дөңгелек үстелге қатысушылар заман дертіне айналған індеттердің алдын алу жолдарымен бөлісті.
Бұл іс-шараның мақсаты: білім алушылардың салауатты өмір салтына деген ұмтылысын қалыптастыру, өзін-өзі талдау және ұсынылған ақпаратты бағалау дағдыларын дамыту; студенттердің денсаулық және салауатты өмір салты туралы білімдерін жаңарту және дамыту; белсенді өмірлік ұстанымға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды.
Салауатты өмір салты – бұл арнайы тамақтану немесе спорт қана емес, сонымен қатар денсаулықты жақсартуға және ағзадағы патологиялық процестердің алдын алуға бағытталған бірқатар шаралар кешені. Салауатты өмір салты ережелерін сақтау өмір сүру ұзақтығын айтарлықтай арттыруға және оның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Денсаулық – адамның еңбекке қабілеттілігін анықтайтын және жеке тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін бірінші және ең маңызды қажеттілік. Бұл айналадағы дүниені танудың, өзін-өзі бекітудің және адам бақытының ең маңызды алғышарты.