Жыл сайын елімізде 1-қазан Халықаралық Қарттар күні-үлкенге құрмет пен ізет көрсету күні атап өтіледі.
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Инновациялық технологиялар колледжінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Қамқор» жобасы аясында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты тақырыпта «Рахмет» волонтерлік еріктілер клубының ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өткізілді.
Бұл мерекені біздің колледж бірнеше жылдан бері жалғызбасты қарттар тұратын «Забота» қарттар үйімен бірлесе отырып атап өтеді. Осыған орай колледж директоры Смагулова Нұрбибі Абсадыққызының басшылығымен колледж әкімшілігі, колледж студенттері мен ата-аналар бірлесе отырып, 23 азық-түлік себеттері мен күнделікті тұрмысқа қажетті заттар, жылы киімдер мен гигиеналық заттарды дайындап, алып барды. Колледж студенттері мерекелік концерттік бағдарламаларын дайындап, ән айтып, би билеп, қарттарымызға мерекелік көңіл күй сыйлады.
Жауапты: Умирбекова Г.Ш., Саламатова А.Е., Балхашбекқызы Ж., Смагулова Г.Б.
Қамтылуы: 250 адам