«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Үштілді білім беру» апталығының ашылу салтанатына арналған іс шара өткізілді.


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Инновациялық технологиялар колледжінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Үштілді білім беру» апталығының ашылу салтанатына арналған іс шара өткізілді.

Іс шараның мақсаты: көпұлтты елдің тұтастығын сақтау; қазақ тілінің мемлекеттік, орыс тілінің өзара қатынас, ағылшын тілінің халықаралық тіл ретіндегі мәртебесін студенттерге тереңірек түсіндіру, тілдерді құрметтеуге үйрету, тілдерді үйренуге насихаттау.

Салтанатты іс шарада апталықтың жоспары таныстырылып, тақырыпқа байланысты студенттерге бейне ролик көрсетілді. Студенттердің тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында интеллектуальдық ойын ұйымдастырылып, үш тілде тапсырмалар берілді. Іс-шараға студенттер белсенді түрде қатысты.

Жауапты: Бажикова А.К., Балхашбекқызы Ж.

Қатысушылар саны: 52 студент

 

 

Без рубрики