«Бірінші қазақ математика профессоры — А. А. Ермеков»


2023 жылдың 8 қарашасында  Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Қ. С.Қалыбекова және кафедра доцент м.а., ф.ғ.к., А. Б. Аширбекова «Бірінші қазақ математика профессоры — А.А. Ермеков» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты: білім алушыларды «Алаш – Орда» партиясының негізін қалаушылардың бірі Әлімхан Ермековтің өмірбаянымен, шығармашылық мұрасымен, математика ғылымындағы еңбегімен таныстыру. Әлімхан Әбуұлы Ермеков-қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясының негізін қалаушылардың бірі, ғалым, тұңғыш қазақ математик-профессоры.

Студенттер өздерінің бейне жұмыстары мен презентацияларында ұлы математик, профессор, педагог, қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі Әлімхан Әбеуұлы Ермековтің қиын өмір жолы, шығармашылығы, қызықты фактілері туралы әңгімеледі.

Без рубрики