Біріккен араб әмірлігі үкіметі (БАӘ) ылғалды белсенді түрде күшейту ғылымы мен технологияларын дамыту бойынша жарысқа қатысуға шақырады- соңғы зерттеу бағдарламасының шеңберінде жалпы көлемі 5 млн АҚШ долларын құрайтын 5 грантқа дейін бөлінеді.
Зерттеу бағдарламасының мақсаты- БАӘ эәне басқа да шөл және шөлейтті аймақтардың сумен қамтамасыз ету жүйелері жұмысының беріктігін арттыру мақсатында жауын-шышын көлемін арттыру. Аталмыш ынтаның соңғы міндеті- ғылыми білім, тәжірибе және потенциал дамуын бірге жүргізу арқылы, жауын-шашынды күшейту саласында зерттеулер мен жаңашылдықтардың жаһандық дамуы арқасында БАӘ-ін жауын-шашынды белсенді түрде күшейту ғылымы саласында әлемдік лидерге айналдыру.
Бағдарламаға қатысуға кез –келген қоғамдық және жекеменшік, комеерциялық және коммерциялық емес мекемелер, сонымен қатар кез-келген мемлекеттің жеке тұлғалары өтініш бере алады. Үміткерлер бұлт шоғырлануының нәтижелілігін арттыратын және егіс бойынша операциялардың әлеуетән жақсартатын біріктірілген әдістер мен технологиялар ұсынулары тиіс.