«Бір шаңырақ астында»


2020 жылдың 30 сәуірінде жастар саясаты Департаменті, «Жас Орда» ЖА-мен бірлесіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына және 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс — шара өткізді. Іс-шара ZOOM платформасында «онлайн» режимде өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаттары:

  • студенттерді жақын әлеуметтік ортаның мәдени алуан түрлілігімен таныстыру;
  • Қазақстанның барлық этностарының мәдениетіне құрметпен қарауды қарастыратын студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыру;
  • өркениетті және демократиялық нормаларға сүйенетін саяси мәдениетті қалыптастыру;
  • жастардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау;
  • рухани бірлік пен қазақстандық бірегейлік идеяларын қалыптастыру және тарату.

Іс-шараға Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері, университеттің барлық факультеттерінің студенттері мен оқытушылары қатысты.

ҚарМТУ-дың әр түрлі ұлт өкілдерінің студенттері өздерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы айтып, өлеңдер оқыды, ән айтты, қатысушыларды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

Сонымен қатар қатысушыларды Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Малаев Думан Базаркеұлы, жастар саясаты Департаментінің әдіскері Еслямов Арман Мейрамұлы,  «Жас Орда» ЖА төрағасы Смаилов Ильяс Ельнарович құттықтады.

Біздің университетте патриоттық сезімдерді тәрбиелеу, жалпыадамзаттық құндылықтарды тәрбиелеу, этностарға құрметпен қарау бойынша күнделікті үлкен және тынымсыз жұмыс жүргізіледі. Бұл жұмысты жастар саясаты Департаменті «Жас Орда» ЖА-мен  және профессорлық-оқытушылық құраммен бірлесе отырып, ЖОО басшылығының тұрақты қолдауымен табысты орындайды.

ҚарМТУ-да біздің Республикамыздың әр түрлі этностарының өкілдері оқиды, олар үшін жалпы даму, мәдениет, тіл және дәстүрлерді қолдау сияқты барлық қажетті жағдайлар жасалған.

 

Без рубрики