Биотехнология бойынша дипломдық жұмыстардың кәсіпорында қорғалуы


2022 жылғы 27 мамырда «Корпоративтік Университет» инновациялық-білім беру консорциумы туралы Келісім шеңберінде «Нәтиже Сүт фабрикасы» ЖШС басшыларымен кездесу өтті. Әбілқас Сағынова атындағы Қарағанды техникалық университеті тарапынан атқарушы директор Исагулов А.З., ҒЖ жөніндегі проректор Хуанган Н., ҒжИД басшысы Сүлеев Б.Д., және ҒТБ бөлім бастығы Әзілханов Р.К.,  ХжХТ кафедра меңгерушісі Такибаева А.Т., ХжХТ кафедрасының аға оқытушылары Кинаятов М. А. және Жорабек А.А. қатысты.

Кәсіпорынның сұрауы бойынша 5В070100 «Биотехнология» мамандығының студенттерінің «Натиже Сүт Фабрикасы» ЖШС-да БТ-18-2,3,4 тобының студенттері Махсат А. (ғ.ж. аға оқытушы Мукархан К.), Аймаганбетова С.Н. (ғ.ж. аға оқытушы Ибрайбеков Ж. Г.) және Айгараева А. П. (ғ.ж. аға оқытушы Ибрайбеков Ж.Г.). дипломдық жұмыстары орындалды және сәтті қорғалды. Аттестациялық комиссияның төрайымы «NBK-A» ЖШС директорының халықаралық стандарттар жөніндегі орынбасары Алиева Г.С. болды.

Біздің студенттерді шын жүректен құттықтаймыз және оларға биотехнология саласында жақсы маман иесі болуына тілектеспіз!

Без рубрики