«Білгірлер сайысы»


Өткен күні: 20.10.2016ж. сағат 18:0

Өткен жері: «Серпіндестер Ордасы» жатақханасы

Мақсаты: Студенттердің білімдерін жинақтап, тереңдету,   қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Тапқырлыққа, ұтқырлыққа баулып тәрбиелеу. Жылдамдық пен алғырлыққа үйрету. Топпен жұмыс істеуге үйрету. : Студенттерді жаңа альтернативті, творчестволық, ерекше  идеялар құруға, еңбексүйгіштікке, адалдыққа, өз ойларын еркін жеткізуге тәрбиелеу.

Құрылғылар: компьютер, интерактивті тақта, проектор, мультимедиялық колонкалар.

Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, тақырып бойынша сұрақтар, презентация.

Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс

Қатысушылар: «Серпіндестер Ордасы» жатақханасының 1 курс студенттері

 Ойын барысы:

  1. Амандасу. (2мин)

Аға куратор Жаксыбаева С.Р. студенттерге  Ақпараттық-коммуникациялық технология пәні бойынша «Білгірлер» сайысы түрінде өтетін және сол пәнге байланысты сұрақтар қойылатыны жайлы айтып өтті.

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Жүргізуші(СТ-16-1тобының студенті Төлеуова Айзат):

1

Құрметті ұстаздар, қонақтар және студенттер, сіздерді «Білгірлер сайысы» интеллектуалды ойынымызды тамашалауға шақырамыз. Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Ойынға 15 оқушы  қатысады. Ойын  3 айналымнан тұрады.

1.Кім жылдам?

2.Кім алғыр?

3.Сиқырлы ұяшықтар

Ойын ережесімен таныстыру.

Ойынды бастамас бұрын, әр оқушы өзін таныстырып кетсін.Топтық жұмыс болуы тиіс.

Без рубрики