Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ түлектерінің есімдері Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайн мектептерінің Халықаралық фестивалінің каталогына енді


Алматыда Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайн мектептерінің ХІ Халықаралық фестивалі өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан және Молдова түлектері қатысты. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті фестивальге белсене қатысты.

«Құрылыс» және «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат пен магистратураның бітіру жұмыстары жіберілді.

Конкурс қорытындысы бойынша, бакалавриаттың «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша – Маргарита Попковада 2 орын. Магистратураның «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша – Виктория Мудренко мен Жамалбек Мирзахметов 3-ші орынды иеленді. Магистратураның «Құрылыс» білім беру бағдарламасы бойынша – Азиза Рахимова 3 орын алды.

Халықаралық байқау Еуразия жоғары оқу орындары арасында байланыс орнатуға және ынтымақтастықты нығайтуға бағытталғанын атап өткен жөн. Фестиваль қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар конкурс номинанттарының жобалары жарияланатын каталог шығарады.

Без рубрики