Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенттерінің есімдері Hackathon «KuickHack’24» тарихына енді


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Ақпараттық-есептеу жүйелері» кафедрасының білім алушылары Hackathon «KuickHack’24» жарысында сәтті өнер көрсетті. Жарыс «Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ-та өтті.

Құрамында Максим Авдеенко, Диас Ламбек, Альмухаммед Нургалиев, Андрей Алексеев өнер көрсеткен «52» командасы кафедра оқытушысы М.Д. Нұртайдың жетекшілігімен финалға өткен 13 команданың ішінен 2-орынды иеленді.

Бұл Хакатон жастардың Жасанды интеллектпен (ЖИ) танысуы және олардың қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ЖИ технологияларын танымал ету мақсатында өткізілді. Ол қатысушыларды бағдарламалық өнімдерді жасауға ынталандыруға, идеяны жұмыс істейтін прототипке айналдыру дағдыларын жақсартуға және кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Жүлде қоры 2 000 000 теңгені құрады, ал біздің студенттер 500 000 теңге алды.

Без рубрики