Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенттері құтқарушылармен бірге су тасқынына қарсы іс шараларға қатысты


Республикалық жедел штабтың шешімі бойынша Ақмола облысындағы Жібек жолы кентінің 6 және 7 шағын аудандарында су басу қаупі туындауына байланысты Қарағанды облысының ТЖД құрамында техникасы бар жеке құрамның 30 адамы бар күштері мен құралдары жіберілді.

Олардың арасында 6В11201 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер Мирас Жаппаров пен Балтабек Сәрсембаев (БЖЗ-23 ҚБТ тобы) болды. Басқалармен бірге олар адамдар мен жануарларды эвакуациялауға, үйінді бөгеттерді нығайту бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды орындауға қатысты.

Біздің тағы бір студент Әли Аманов (БЖЗ-23у ДОТ тобы) биылғы жылдың 11 сәуірінен бастап Атырау қаласында іссапарда жүр, онда ол басқа құтқарушылармен бірге бөгет, тоған салуға, жағалауды нығайтуға қатысуда, оған қоса қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді және тонау мен ұрлық фактілеріне жол бермеу жөніндегі міндеттерді орындайды.

Су тасқыны жағдайы біздің балалар таңдаған мамандықтың маңыздылығы мен қажеттілігін тағы да бір дәлелдеп өтті. Бүгін олар өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен орындауға дайын екендіктерін көрсетті.

Без рубрики