Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенттері су тасқынынан бұзылған үйлерді қалпына келтіруге ниет білдірді


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқынынан бұзылған үйлерді қалпына келтіру, зардап шеккен тұрғындардың қалыпты өмірге қайта оралуын қамтамасыз ету жөнінде міндеттер қойды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаевтың бастамасымен зардап шеккен азаматтардың тұрғын үйлерін қалпына келтіру үшін «Жастар құрылыс отрядтарын» құру қолға алынды.

Осы ауқымды бастаманы іске асыру үшін бүгін, 16 мамырда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне «АУЫЛ» партиясы жанындағы «Ауыл жастары» жастар қанатының төрағасы Дәурен Рахымбек және «Жасыл Ел» облыстық жастар еңбек жасағының төрағасы Султан Шаймаганбет келіп, ЖОО сәулет-құрылыс факультетінің студенттерімен кездесті.

Студенттерге жазғы демалыс кезінде жұмысқа орналасу аясында су тасқынынан бұзылған үйлерді қалпына келтіругекөмектесу бойынша ұсыныстар жасалды. Сондай-ақ, білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауап ала алды.

Без рубрики