Оқу-таныстыру практикасы шеңберінде «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенттері «ККК-БЕТОН» кәсіпорнына барды. Экскурсияны біздің түлегіміз — сапа қызметінің бастығы Джамалбек Мирзахметов жүргізді.
Ол студенттерді шикізат зауытқа келіп түскен сәттен бастап дайын бұйымдарды қоймалардан жөнелтуге дейінгі темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын өндіру технологиясымен таныстырды.
Джамалбек Асхатұлы практиканттарға негізгі өндірістік цехты, бетон-араластырғыш торапты, дайын өнім қоймасын және т.б. көрсетті. Білім алушылар инертті материалдардың жазғы және қысқы жылытылатын қоймаларына, сынақ зертханасына барды, мұнда оларға бетон және темірбетон бұйымдарын сынау бойынша негізгі операциялар көрсетілді. Бір қызығы, «ККК БЕТОН» өзінің қиыршық тас пен құм кен орындарынан өндірілген шикізатты пайдаланады.
Таныстыру практикасы студенттерді жаңа біліммен толықтырып, оларға өндірістің нақты жағдайларымен жақынырақ танысуға көмектесті, сол үшін олар кәсіпорын басшылығына ризашылықтарын білдірді.