Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Инновациялық технологиялар», «Энергетика, автоматика және телекоммуникация», «Машина жасау» және «Сәулет-құрылыс» факультеттерінің соңғы курс студенттері «Карцемент» АҚ өкілдерімен кездесті.
«Карцемент» АҚ тәжірибе базасын ұсынуға және университет түлектерін одан әрі жұмысқа орналастыруға мүдделі. Он жыл ішінде біздің 1000-нан астам түлек компаниямен бірге өсіп, табысты мансап құрып келеді.
Студенттермен кездесуде «Карцемент» АҚ Бас директоры Розарио Рамеш Джордж, бас энергетик Вадим Сиренко, сондай-ақ кәсіпорынның басқа өкілдері компанияның қызметі туралы толық ақпарат берді.
Кездесуге ЖОО-ның 150-ден астам студенті қатысты. Шара барысында жастар компания өкілдеріне қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауап ала алды.
Мұндай кездесулер түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыруды, өндірістегі жұмыстың ерекшеліктерін, жас мамандардың мансаптық перспективаларын түсіндіруді мақсатында ұйымдастырылады. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.