2024 жылдың 18 маусымында ҚарТУ 6В06201 «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» білім беру бағдарламасы студенттерінің бітіру жұмыстарын қорғау бойынша аттестаттау комиссиясының жұмысы басталды. Бірінші қорғау күні «Қазақтелеком» АҚ базасында өтті.
Барлық студенттер өз жұмыстарын сәтті қорғады. Көшпелі қорғауға қатысқан «Қазақтелеком» АҚ және Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің өкілдері болашақ кадрларды өндіріске тарту қажеттігін және МАК көшпелі отырыстарын өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Мұндай практика жыл сайын «Қазақтелеком» АҚ басшылығына жоғары оқу орны дайындаған мамандарды көруге және бағалауға мүмкіндік береді. МАК-тың көшпелі отырыстарынан кейін түлектер білім беру бағдарламасы бойынша бос лауазымдарға шақыру алады.
Көшпелі отырыстар практикаға берік еніп, жыл сайын өткізіледі. Осылайша, өндіріс пен ЖОО арасындағы байланысты дамытуға және нығайтуға жәрдемдеседі.