Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенттері арасында «Зияткер» зияткерлік ойындарының күзгі сериясының қорытындысы шығарылды


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері арасында «Зияткер» күзгі зияткерлік ойындар сериясының финалы өтті, оған факультеттер мен инновациялық технологиялар колледжінің ең мықты командалары қатысты.

Іс-шара Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтті. Ойынның бірінші кезеңіне — интеллектуалды викторинаға 9 команда қатысты. Ең көп ұпай жинаған 5 команда екінші турға өтіп, университет студенттерінің ғылыми және әлеуметтік белсенділігін арттыру бойынша өз жобаларын ұсынды.

Ойын қорытындысы бойынша келесі командалар «Зияткер» күзгі зияткерлік ойындар сериясының жеңімпаздары атанды:

1 орын – «Мозговороты» командасы (Инновациялық технологиялар факультеті);

2 орын – «Қағанат» командасы (Инновациялық технологиялар факультеті);

3 орын – «Партия» командасы (Энергетика, автоматика және телекоммуникация факультеті).

Жеңімпаз командалар «Jas Orda» Жастар қауымдастығы дипломдарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

«Зияткер» зияткерлік ойындарының күзгі сериясының финалына қатысқан қалған командалар алғыс хаттармен және сертификаттармен марапатталды.

«Зияткер» зияткерлік ойындарының күзгі сериясының барлық финалистерін құттықтаймыз және оларға оқуда табыс, ғылыми жетістіктер тілейміз!

Без рубрики