Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенті жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында «Мағжанов оқулары» өңірлік байқауында 1 орын алды


Жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында «Мағжан оқулары» өңірлік конкурсы филология факультетінің 85 жылдығына орай академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында өтті.

Конкурс шарты бойынша қатысушылар Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін ортаға салды, ақынның таңдамалы шығармаларын жатқа мәнерлеп айтты.

Аталған іс-шараға Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Арх-23-3 тобының студенті Естремская Виктория қатысып, 1-ші орынға ие болды. Конкурсқа ол қазақ тілі мен мәдениеті кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Қ.С. Қалыбекова және оқытушы п.ғ.м. А.Д. Беккулованың жетекшілігімен дайындалды.

Естремская Викторияның «Мағжан оқулары» өңірлік конкурсындағы жеңісі – біздің студенттердің alma mater 70 жылдығына арналған жетістіктерінің қоржынына қосқан тағы бір үлесі.

Викторияны жеңісімен құттықтаймыз және оған оқуда және шығармашылық қызметте одан әрі табыс тілейміз!

Без рубрики