Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенті республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпазы атанды


2024 жылғы 6-7 сәуір аралығында Қарағандыда белгілі қазақстандық ғалым, геолог Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Ректорының Кубогы үшін «KBU CUP-2024» республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Жарысқа Қазақстанның түрлі облыстарынан 32 команда қатысты. Биылғы жылы сегізінші рет өткізілген турнирдің негізгі тақырыбы қазақ киносына арналған.

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенті Мақсат Мұханов және Қостанай педагогикалық университетінің студенті Шыңғыс Жұмағали турнир жеңімпаздары болып танылды. Олар дипломдар, кубоктар мен ақшалай сыйлықтардың иегерлері атанды.

Мақсатты лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Оған қоғамдық қызметте және оқуда одан әрі табыс тілейміз!

Без рубрики