Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенті грэпплингтен Азия жастар чемпионатының жүлдегері атанды


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 70 жылдық мерейтойы жылы біздің студенттер спорт аренасындағы жетістіктерімен бізді қуантуды жалғастыруда.

Астана қаласында грепплингтен Азия жастар чемпионатында ГД-21-6 тобының студенті Әміржан Сихимбаев күміс медаль жеңіп алды.

Әміржан-спорт шебері, бірнеше дүркін жүлдегер және әлемдік ауқымдағы түрлі турнирлердің жеңімпазы. Қазіргі уақытта біздің спортшы тамыз айының соңында Варшава қаласында (Польша) өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына дайындалуда.

Әміржанды құттықтаймыз және толағай табыстар тілейміз!

Без рубрики