Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенті джиу-джитсудан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды


1-2 маусым аралығында Ақмола облысының Есіл қаласында джиу-джитсудан «Saruar Boldanov Cup» халықаралық турнир өтті. Ол қатысушы он елдің спортшыларын жинады.

Турнирге Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенті Алматай Жігер де қатысты (С-23-1 тобы).

Турнир барысында Жігер үш жекпе-жек өткізді. Бірінші жекпе-жекте оған Бразилиядан келген балуан қарсы тұрды. Біздің спортшы 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Келесі жекпе-жекте оның қарсыласы біздің қаладан келген балуан болды. Онымен болған жекпе-жекте Жігер мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Финалда да оның жұлдызы жанды. Елордамыздың қарсыласымен жекпе-жекте Жігер 3:0 есебімен сөзсіз жеңіске жетіп, беделді турнирдің жеңімпазы атанды.

Жігерді жеңісімен құттықтаймыз! Оған спортта жаңа жетістіктер мен оқуда табыс тілейміз!

Без рубрики