Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенті Болгариядағы спорттық акробатикадан Әлем кубогының жеңімпазы атанды


2024 жылғы 10-12 мамыр аралығында Болгарияда «Burgas International Acro Cup 2024» акробатикадан Әлем кубогының кезеңі өтті, оған 17 елден 700-ден астам спортшы қатысты.

Олардың арасында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ГД-22У тобының студенті Даниэль Диль де болды.

Табан тірескен күресте Даниэль турнирдің жеңімпазы, Әлем кубогының чемпионы атанды! Бұл сөзсіз керемет нәтиже!

Қазіргі уақытта Даниэль Польшада өтетін Әлем кубогының кезекті кезеңіне дайындалуда.

Студентімізді жеңісімен құттықтаймыз! Оған мансап пен оқуда одан әрі табыс тілейміз!

Без рубрики