Жуықта Астанада пилон спорты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ РЭТ 23-2 тобының студенті Амалия Анисимова осы чемпионатта үш нөмірмен өнер көрсетті. Олардың барлығын төрешілер алқасы ескеріп, жүлделі орындарға ие болды.
- IPSF, пилон спорты, соло, 18-29 жас, кәсіпқойлар санатында – 2-орын.
- IPSF, әртістік пилон, соло, 18-29 жас, кәсіпқойлар санатында – 3-орын.
- Пилон спорты, дуэт, 18-49 жас, кәсіпқойлар санатында – 2-орын.
Айта кету керек, пилондық спорт – бұл гимнастика, акробатика, хореография және актерлік шеберлікті біріктіретін спорттық іс-әрекеттің күрделі үйлестірілген түрі.
Амалияны спорттық жетістіктерімен құттықтаймыз және мұнымен тоқтап қалмауына тілектеспіз!