Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ шет тілдері кафедрасының меңгерушісі Румыния-Америка Университетінің студенттеріне дәрістер курсын оқыды


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің белсенді халықаралық қызметі әлемнің 24 елінің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы 150 шарт пен меморандум аясында жүргізілуде.

Университет Erasmus+, Sinergy, ШЫҰУ, Конфуций Институты халықаралық ғылыми және білім беру жобаларына белсенді қатысады.

Мәселен, «Staff Mobility Program» ERASMUS+ бағдарламасы аясында п.ғ.к., доцент, Британдық Кеңестің сертификатталған жаттықтырушысы Д.Д.Джантасова Румын-Америка университетінде (Бухарест қ., Румыния) team building, active listening techniques, пәнаралық және бірлескен әдістемелер сияқты креативті оқыту әдістерін қолдана отырып, «Business Administration» мамандығының студенттеріне арналған «Intercultural Communication and Academic Collaboration» тақырыбы бойынша дәрістер курсын сәтті оқыды.

Еуропалық Одақтың бағдарламалар бөлімінің басшылығымен біздің университеттер арасындағы ынтымақтастық және гранттық қаржыландыру жобасы шеңберінде әзірленген go UniTech цифрлық платформасын қолдану арқылы жоғары білім беруді интернационалдандыру әлеуетін арттыру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Румыния-Америка университетінің студенттерімен кездесу өткізілді, онда академиялық ұтқырлық бойынша студенттермен алмасу бағдарламаларын іске асыру және біздің ЖОО-ның магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу үшін Әбілқас Сағынов атындағы ҚарМТУ білім беру бағдарламаларының тұсаукесері ұсынылды.

Без рубрики