«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректоры С.С. Сагинтаева ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесулер өткізуді жалғастыруда. Бұл жолы ол Машина жасау факультетінде болды.
Кездесу барысында факультет деканы И.И. Ерахтина оқытушылар мен студенттердің табысы мен жетістіктері туралы айтып берді.
Бүгінгі таңда Машина жасау факультетінде «Нанотехнология және металлургия», «Технологиялық жабдық, машина жасау және стандарттау» және «Шет тілдері» кафедралары жұмыс істейді.
«Металлургия», «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «Машина жасау», «Машина жасаудағы цифрлық технологиялар», «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)», «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жүргізіледі.
«Машина жасау» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстандағы жалғыз «Дәнекерлеу ісі» бағыты бойынша студенттерді даярлау жүргізіледі. Университет базасында жыл сайын ҚР кәсіпорындары үшін халықаралық инженер-дәнекерлеушілерді даярлайтын қазақстандық дәнекерлеу институты ашылды және ол француз серіктестерімен бірлесіп жұмыс істейді.
Машина жасау факультеті кафедраларының филиалдары «Maker» ЖШС, «FLSmidth» ЖШС, «КазСтандарт» ЖШС, «Имсталькон» ЖШС, «Пархоменко атындағы ҚМЗ» ЖШС, «Ж. Әбішев атындағы ХМИ», «Сантехпром» ЖШС-да ашылды.
С.С. Сагинтаева факультет оқытушыларымен әңгімелесті, ұжымның алдағы жоспарлары мен проблемаларын сұрады. Кездесу соңында ол оқу сыныптары мен зертханаларға барды.