Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ «Профессор А.Н. Данияров атындағы өнеркәсіптік көлік» кафедрасының аға оқытушысы Халықаралық конференция қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.


2024 жылдың 11-12 сәуірінде Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде «Satbayev International Conference 2024» халықаралық конференциясы өтті. Ол тұңғыш техникалық университеттің құрылғанына 90 жыл толуына, сондай-ақ ұлы ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналды.

Конференцияның негізгі тақырыбы «Ғылым мен технологияның интеграциясы: тұрақты даму жолы» болды. Оның бағдарламасына жетекші сарапшылардың баяндамалары, панельдік пікірталастар, түрлі сала секторларының өкілдерімен пікір алмасу болды.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Профессор А. Н. Данияров атындағы өнеркәсіптік көлік» кафедрасының аға оқытушысы Исина Ботакөз Малғаждарқызы осы іс-шараға құрметті спикер ретінде қатысты. Панельдік сессияда «Жаңа технологиялық шешімдердің инжинирингі: машина жасау, энергетика және көлік салаларының тоғысуы» атты баяндамасын жасап, III дәрежелі дипломмен марапатталды.

ҚР Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында өткен халықаралық конференцияға қатысу көпжылдық ынтымақтастықтың лайықты жалғасы және техникалық жоғары оқу орындары арасындағы жемісті қарым-қатынастарды одан әрі дамыту үшін сенімді негіз болатынына сенімдіміз.

Без рубрики