Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ оқытушылары шақыруымен Германияның техникалық университетінде болды


Фрайберг тау-кен академиясының Техникалық университетінің білім беру процесін ұйымдастыру тәжірибесін зерттеу үшін Германияға жіберілгендердің арасында «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасының аға оқытушысы Э. Р. Халикова, «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының доцентінің м. а. А. Амангелдіқызы және «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының аға оқытушысы Е. А. Цешковская болды.

Германияның Техникалық университетіне бару бағдарламасына Erasmus+ бағдарламасы бойынша «Master Program in Eco-Mining Engineering and Innovative Natural Recoursess Management» халықаралық білім беру жобасын іске асыру шеңберінде жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру үшін жұмыс және оқу жоспарларын әзірлеу бойынша тренингтер де кірді.

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ оқытушылары сапардан көптеген қызықтар көріп, әріптестерімен тәжірибе алмасты және, әрине, алған білімдерін алдағы жұмысында пайдаланбақ.

Без рубрики