Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ оқытушылары мен қызметкерлерінің мектеп бітіруші оқушыларымен кездесуі


Мектеп бітіретін оқушылар арасында кәсіптік бағдар беру мақсатында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Байланыс жүйелерінің технологиялары» кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Н.Б.Қалиаскаров, кафедраның аға оқытушылары Г.А.Белик, С. Ж.Сәкенова және кәсіптік бағдар беру жұмыстары орталығының әдіскері А. Б.Закирова Қарағанды қаласындағы №82 орта мектепте болды.

ЖОО өкілдері оқушыларға университеттің өндірістік сұранысқа ие білім беру бағдарламалары, әскери кафедра, атаулы стипендиялар, грантқа өту балдары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Университетте ҰБТ-ға қосымша дайындық курстары бар екенін оқушылардың назарына жеткізді. Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенттерінің еріктілер қызметі, көрнекті спорттық, шығармашылық және ғылыми жетістіктері туралы әңгімеледі.

Түлектерді көптеген мәселелер мазалайтыны белгілі болды. Оларды оқу ақысы, белгілі бір мамандықтарға бөлінетін гранттар саны, жұмысқа орналасу мәселесі қызықтырады екен. Осы және басқа да барлық қойылған сұрақтарға оқушылар толық жауап алды.

Біздің университетке түсуге ниет білдірушілермен жұмыс нәтижелері бойынша олар студент болуы ықтимал түлектерді одан әрі назарда ұстау және кеңес беріп отыру үшін болашақ талапкерлер базасына енгізіп қойды.

Без рубрики