Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-ға Nanyang Technological University (QS — TOP 15, Сингапур) ғалымы Jian-Jun Shu мырза келді.


Профессор Қарағандыға Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың Өнеркәсіптік көлік кафедрасының шақыруымен «XVI Сағынов оқулары. Білім, ғылым және өндіріс интеграциясы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға келді. Сондай-ақ, Jian-Jun Shu мырза 14 маусымда өтетін кафедраның мерейтойлық іс-шараларына қатысады.

Ғалым Қазақ тілі мен мәдениеті кафедрасының жанындағы этнографиялық мұражайға және Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың жанындағы Конфуций институтына барды.

Сонымен қатар, «Профессор А.Н.Данияров атындағы өнеркәсіптік көлік» кафедрасының «STU-ENGINEERING» ғылыми-техникалық орталығының қызметкерлерімен танысып, олармен ғылым саласындағы байланыстыру жұмыстарын талқылады.

Қонаққа іске асырылып жатқан жобалар, сондай-ақ орындалған және қолданыстағы шаруашылық шарттары таныстырылды.

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың ректоры Сауле Сагинтаева шетелдік қонақты қабылдап, келгені үшін және ғылым мен жоғары білім саласындағы өзара ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.

Без рубрики