ЖОО ректоры Сауле Сагинтаева бастаған Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ делегациясы «Борусан Макина Қазақстан» компаниясының Қарағанды филиалына барып қайтты.
Кездесуде ынтымақтастық аясын кеңейту және экскаваторлар мен басқа да бөлшектердің шөміштерін қалпына келтіру жөніндегі коммерцияландыруға бірлескен конкурстық өтінім дайындау; «Борусан Макина Қазақстан» Қарағанды филиалының ЖК ЖШС және «Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ» КеАҚ-мен ҚарТУ жанындағы Инновациялық технологиялар колледжінің мамандарын даярлау кезінде өзара іс-қимыл жасау; жұмыс берушілердің қажеттілігін ескере отырып, практикалық бағыттағы жаңа білім беру бағдарламаларын құру және т. б. мәселелер көтерілді.
Сонымен қатар, студенттермен, магистранттармен кездесу үшін «Борусан Макина Қазақстан» Қарағанды филиалының ЖК ЖШС-де жұмыс істейтін ҚарТУ-дың табысты түлектерін одан әрі тарту мүмкіндіктері қарастырылды.