Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ командасы Қазақстанның Фулбрайт қауымдастығы мен АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі ұйымдастырған пікірсайыс конференциясына қатысты


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің командасы Қазақстанның Фулбрайт қауымдастығы мен АҚШ-тың ҚР елшілігі ұйымдастырған пікірсайыс конференциясына белсене қатысты. Ол Назарбаев Университетінің базасында 2024 жылғы 23-25 мамыр аралығында өткен болатын.

Пікірсайыс конференциясы Қазақстанның 16 қаласынан 40-тан астам студенттерді біріктіреді, оларды қазіргі уақытта американдық алмасу қатысушылары оқытады.

Мұндай іс-шараларға қатысу сыни ойлауды ынталандырады, мәдени алмасуды дамытуға және Қазақстанда ағылшын тілін оқыту бағдарламаларына назар аударуға игі ықпалын тигізетіні сөзсіз.

ЭЭ-22-5 тобының студенті Алан Рыбалкин және СМ-22-2 тобының магистранты Азамат Гайнулин Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Шет тілдері» кафедрасының меңгерушісі Дамира Жантасова мен «English Teacher Assistant» Фулбрайт бағдарламасының стипендиаты Эммет Кэшманның жетекшілігімен дебат өнері бойынша табанды күресте жартылай финалға шықты.

Соның нәтижесінде олар ағылшын тіліндегі пікірсайыс бойынша төртінші орынға ие болды. Олар өте мықты қарсыластармен тіресуге мәжбүр болғандықтан, бұл өте маңызды жетістік деп айтар едік.

Мұндай іс-шаралар көпшілік алдында сөйлеуді дамыту, халықаралық стандарттар деңгейінде пікірсайыс жүргізу және алынған тәжірибені жоғары оқу орындарында кәсіби ағылшын тілін оқыту практикасына енгізу үшін бастау болып табылады.

Без рубрики