Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ командасы Қарағанды қаласында өткен XVIII студент жастар спартакиадасының қорытынды есебінде жүлделі орынға ие болды


2024 жылдың 26 ақпанынан 5 наурызына дейін Қарағандыда XVIII студент жастар спартакиадасы өтті.

Жарыс 13 спорт түрінен өтті: Президенттік көпсайыс, баскетбол, футзал, волейбол, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі, кір спорты, арқан тарту, үстел теннисі, дойбы және шахмат.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері қатысқан жарыстың барлық түрлерінде олар жүлделі орындарға ие болды:

  • асық ату — I орын;
  • баскетбол: ұлдар — I орын, қыздар — III орын;
  • волейбол — II орын;
  • арқан тарту — II орын;
  • Президенттік көпсайыс — III орын;
  • тоғыз құмалақ — III орын;
  • үстел теннисі — III орын;
  • жеңіл атлетика — III орын;
  • шахмат бойынша — III орын.

Қорытынды есепте біздің университет, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті мен Қазтұтынуодағы Университетінің командаларынан кейін 3 орынды жеңіп алды.

Біздің спортшыларымызды XVIII студент жастар спартакиадасының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз және баршаңызға спорт пен оқуда жаңа жетістіктер тілейміз!

Без рубрики